«Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Жер салығының базалық ставкасын бекіту туралы» Уәлиханов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 16-13 с шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырдағы № 13-13-104 тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы «Шұғыла» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

    шешімнің кіріспе мәтіні келесі редакцияда мазмұндалсын:

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 387 бабыының 1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына сәйкес Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    V шақырылған VІ сессия төрағасы

    ___________Д. Искаков

    Уәлиханов аудандық мәслихаттың хатшысы

    ____________Б. Кәдіров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

    Мемлекеттік кірістер комитеті

    Солтүстік Қазақстан облысы бойынша

    Мемлекеттік кірістер департаментінің

    Уәлиханов ауданы бойынша

    Мемлекеттік кірістер басқармасы»

    Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы

    _______________Ш. Альмурзин

    2016 жылғы «3» тамыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.