«Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 26 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 тамыз 2016 ж.

    «Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 26 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына, «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 ақпандағы № 26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3689 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 20 ақпандағы № 21 (17110) «Дидар», 2015 жылғы 21 ақпандағы № 21 (19618) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға тиіс.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Д. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.