Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 470 «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 470 «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12705 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Орал қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 470 «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу №4307 тіркелген, 2016 жылғы 7 сәуірдегі «Жайық үні-Жизнь города» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Орал қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын қалалық атқарушы органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде:

    42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «42. Осы Әдістеменің 39-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.»;

    әдістеменің 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы С.Р.Нұртазаевқа жүктелсін.

    3. Орал қаласы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы (Е.Н.Каримов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Н.Төреғалиев

    Орал қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 26 шілдедегі

    №2233 қаулысына

    қосымша

    Орал қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы 25 ақпандағы

    №470 қаулысына

    1-қосымша

    «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары ________________________________жыл (жеке жоспар құрастырылған кезең)

    Қызметшінің Т.А.Ә. (болған жағдайда):_________________________________________________

    Қызметшінің лауазымы:_______________________________________________________________

    Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________________

    ______________________________________________________________________________________________

    № р/с
    Шаралардың атауы*
    Іс-шараның нәтижесі
    1.
    Іс-шара
    2.
    Іс-шара
    3.
    Іс-шара
    4.
    ....
    Ескертпе:
    *- шаралар мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
    Іс-шаралардың саны мен күрделілігі мемлекеттік органға сәйкес келуі тиіс
    Қызметші Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
    ______________________________________
    күні __________________________________
    қолы ______________________________
    Тікелей басшы Т.А.Ә. (бар болған жағдайда):
    __________________________________________
    күні __________________________________
    қолы ______________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.