«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурыздағы № 317 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 15, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының «Өркен» білім беру грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерлерінде:

    18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «18. Білім алушы мектептің жарғысында көзделген негіздер бойынша мектептен шығарылған жағдайда, Комиссия оны гранттан айыру туралы мәселені қарауға бастамашылық етеді.»;

    21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «21. Гранттың мөлшерлері:

    1) жатақханада тұруды есептемегенде жылына 1 803 464 (бір миллион сегіз жүз үш мың төрт жүз алпыс төрт) теңгені;

    2) жатақханада тұруды есептегенде жылына 2 744 094 (екі миллион жеті жүз қырық төрт мың тоқсан төрт) теңгені құрайды.

    Гранттың мөлшерлері жыл сайын индекстеуге жатады.».

    2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    К. Мәсімов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.