Сайрам аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына және (« Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес), Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сайрам аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1. Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы №31-200/V «Сайрам аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 27 маусымда №2705 тіркелген, 2014 жылдың 18 шілдедегі «Мәртөбе» және «Пульс Сайрама» газеттерінде жарияланған) шешімі;
2. Сайрам аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №44-312/V «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 13 тамызда №3315 тіркелген, 2015 жылдың 21 тамыздағы «Мәртөбе» және «Пульс Сайрама» газеттерінде жарияланған) шешімі.
Сессия төрағасы
М.Сиддиков
Аудандық мәслихаттың хатшысы
Ж.Сүлейменов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.