Жарма аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40-бабына сәйкес Жарма аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Жарма аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қазанындағы «Жарма ауданының тұрғын үй қоры объектілері мен тұрғын емес үй-жайлары үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» № 15/134-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3082 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада № 91 (8663) «Қалба тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Жарма аудандық мәслихатының 2013 жылғы 16 қазанындағы «Жарма ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинақтау, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы» № 15/135-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3083 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада № 91 (8663) «Қалба тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы
А. Өзбеханов
Мәслихат хатшысы
Н. Есполов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.