Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 тамыз 2016 ж.

    Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Ырғыз аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім қабылдаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы:

    И. СӘРСЕНБАЕВ           

    Аудандық мәслихаттың хатшысы:

    К. ҚОСАЯҚОВ

    Ырғыз аудандық мәслихатының

    2016 жылғы «29» тамыздағы

    № 37 шешіміне қосымша

    Ырғыз аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған актілерінің тізімі:

    1. Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 227 «Ырғыз аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4712 тіркелген, 2016 жылдың 2 ақпанда аудандық «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешімі;

    2. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 19 ақпандағы № 122 «Ырғыз аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3815 тіркелген, 2014 жылдың 1 сәуірде аудандық «Ырғыз» газетінде жарияланған) шешімі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.