Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Мойынқұм аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды аудандық мәслихаттың аумақтың экономикалық дамуы, бюджет және жергілікті салықтар, өнеркәсіп салаларын, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік салаларын дамыту, аумақтық құрылыс, жер учаскесін сатып алу туралы жобаларын қарау, қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнен бастап күшіне енеді және 2016 жылдың 1 қазанынан қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    Ш.Акимов

    Мәслихат хатшысы

    Ш.Исабеков

    Мойынқұм аудандық мәслихатының

    2016 жылғы 17 тамыздағы № 4-3

    шешімінің қосымшасы

    Мойынқұм ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтер

    Атауы
    Есептік бірлігі
    Теңге
    1
    Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтер
    Жеке тұлғалар үшін
    1тонна
    356,65
    Заңды тұлғалар үшін
    1 тонна
    399,45
    2
    Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифтер
    Жеке тұлғалар үшін
    1 текше метр
    605,76
    Заңды тұлғалар үшін
    1 текше метр
    678,45

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.