Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 05/08 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 шілде 2016 ж.

    Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 05/08 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жезқазған қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жезқазған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №05/08 «Жезқазған қаласының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3086 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 сәуірде №15 (7923) «Сарыарқа», №15 (65) «Жезказганская правда» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары А.Ә.Мұхамбединге жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Жезқазған қаласы әкімі

    Б.Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.