«Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін түзету туралы» Петропавл қалалық мәслихатының 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 12 ақпанда № 131-1-171 болып тіркелген, 2010 жылғы 19 ақпанда «Қызылжар Нұры» газетінде, 2010 жылғы 19 ақпанда «Проспект СК» газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    1-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

    «1. Петропавл қаласы жер салығының базалық төлемдерін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383-баптарымен белгіленген 50 пайызға көтерілсін».

    2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Петропавл қалалық мәслихат сессиясының төрағасы

    О. Завьялов

    Петропавл қалалық мәслихат хатшысы

    А. Бердағұлов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.