2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 2016 жылға ата - ананың ақы төлеу мөлшері.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шиелі ауданы әкімінің орынбасары А.Есмахановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап пайда болған қатынастарға таралады.
|
Шиелі ауданының әкімі
|
Қ. Сәрсенбаев
|
||
|
Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "02" қыркүйектегі
№ 871 қаулыға 1-қосымша
2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 25.10.2016 № 902 қаулысы (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
|
|||
|
№
|
Аудан атауы
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен мектепке дейінгі ұйымдарға орналастырылатын балалар саны
|
|
|
1
|
Шиелі ауданы
|
3790
|
|
|
Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "02" қыркүйектегі
№ 871 қаулыға 2-қосымша
2016 жылға жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 25.10.2016 № 902 қаулысы (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2016 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
|
|||
|
№
|
Аудан атауы
|
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығын (теңге)
|
|
|
1
|
Шиелі ауданы
|
Балабақша (мемлекеттік/жеке меншік)
|
Шағын орталық
|
|
24240 теңге
|
20374 теңге
|
||
|
Шиелі ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "02" қыркүйектегі
№ 871 қаулыға 3-қосымша
2016 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері
|
|||
|
№
|
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
|
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет алатын жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ана төлем ақысының ай сайынғы мөлшері
|
|
|
1
|
Алты еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
|
Он еселенген айлық есептік көрсеткіштен артық емес
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.