Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекіту туралы

    «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнiм сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа датауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №4-3/177 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11094 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қоса берілгенбасым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) бекітілсін.

    2. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Қ. Көшербаев

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «16» тамыз №554 қаулысымен

    бекітілген

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тiзбесі және субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)

    р/с
    Басым дақылдардың тізбесі
    Бір гектарға субсидия нормасы, теңге
    1
    Күріш
    17876
    2
    Дәндік жүгері
    22500
    3
    Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін дәндік жүгері
    63900
    4
    Майлы дақылдар
    15000
    5
    Картоп
    35100
    6
    Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп
    88029
    7
    Көкөністер
    21186
    8
    Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер
    90679
    9
    Бақшалық дақылдар
    15000
    10
    Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін бақшалық дақылдар
    86423
    11
    Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары (фермерлік жылыжайлар) (екі дақыл айналымы)
    3000000
    12
    Сүрлемдік жүгері
    23040
    13
    Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылап суару жүйесін қолдана отырып өсіретін сүрлемдік жүгері
    64311
    14
    Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
    16362
    15
    Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
    8152

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.