Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңдарына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шыңғырлау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 64 ұсынысы негізінде және ұсақ мүйізді малдың бруцеллез ауруынан сауықтыру мақсатында, Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау ауданы Шыңғырлау ауылдық округінің Қостерек жайлауы аумағында ұсақ мүйізді мал арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Шыңғырлау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Ж.М.Тулепов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық-ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шыңғырлау ауылдық округінің әкімі
Ғ.Ғ.Жұмағазиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.