Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабы 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылғы 20 маусымдағы № 146 және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 20 маусымдағы № 161-НҚ бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4282 болып тіркелген, 2006 жылғы 19 шілдегі № 132 (938) «Заң газеті» газетінде жарияланған):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;
2) «Порттардың реттеліп көрсетілетін қызметтерімен (тауарларымен, жұмыстарымен) технологиялық жағынан байланысты қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 29 қаңтардағы № 31-НҚ және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 13 наурыздағы № 116 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5186 болып тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдедегі № 7 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған)):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:».
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрық алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
____________ Қ. Бишімбаев
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
______________ Ж. Қасымбек
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.