Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 100 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Науырзым ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Науырзым ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № 100 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 8 маусымда № 6439 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 маусымдағы № 23 «Науырзым тынысы» аудандық газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі
Т. Даиров
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.