Тарифті белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Тарифті белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына және «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасын Заңының 19-бабына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Тараз қаласындағы жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауда жол жүру тарифі барлық жолаушылар үшін - 55 (елу бес) теңге;

    - мектеп оқушыларына (1-11 сынып) – 25 (жиырма бес) теңге;

    - оқушылардың айлық бірыңғай жүру билеті – 900 (тоғыз жүз) теңге болып бекітілсін.

    2. Тараз қаласы әкімдігінің төмендегі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    «Тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 08 желтоқсандағы №1145 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2434 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 желтоқсандағы №175 «Ақ Жол» газетінде жарияланған).

    «Тарифті белгілеу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 08 желтоқсандағы №1145 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Тараз қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №247 қаулысы (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2588 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурыздағы №13 (1248) «Жамбыл-Тараз» газетінде жарияланған).

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қала әкімі

    Н. Календеров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Тараз қалалық

    мәслихатының хатшысы

    __________Б. Нарбаев

    «___»__________ 2016 жыл

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.