Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 сәуір 2016 ж.

    Глубокое аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Глубокое аудандық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    «Глубокое аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/5-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3467 болып тіркелген, 2014 жылы 16 қыркүйекте «Ақ бұлақ», «Огни Прииртышья» газеттерінде, 2014 жылы 22 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

    «Глубокое аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 24 шілдедегі № 28/5-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 20 қазандағы № 40/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4224 болып тіркелген, 2015 жылы 3 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылы 4 желтоқсанда «Ақ бұлақ» газетінде, 2015 жылы 8 желтоқсанда «Огни Прииртышья» газетінде жарияланған).

    2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Сессия төрағасы

    Д. Қадырбаев

    Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы

    А. Баймульдинов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.