Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 16/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 16/1 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 16/1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4305 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 ақпанда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

    20-тармақтың 33) тармақшасы алынып тасталсын;

    25-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын.

    2. «Павлодар облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

    осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

    осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

    осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Қ. Бозымбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.