Қармақшы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою деп тану туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ Заңдарына сәйкес Қармақшы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң келесi қаулыларының күшi жойылды деп танылсын:
1) «Қармақшы ауданында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындарды белгiлеу туралы» Қармақшы ауданы әкімінің 2013 жылғы 12 шілдедегі №8 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2013 жылғы 13 тамызда №4489 тіркелді, 2013 жылғы 9 қарашасында №102 «Қармақшы таңы» газетінде жарияланған;
2) «Қармақшы ауданында көшпелi сауданы жүзеге асыру үшiн орындарды белгiлеу туралы» Қармақшы ауданы әкiмдiгiнiң 12 шiлде 2013 жылғы №8 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қармақшы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 267 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 наурызда №4616 тіркелді, 2014 жылғы 2 сәуірдегі №25 (9279) «Қармақшы таңы» газетінде жарияланған.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы Б. Шерниязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қармақшы ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы
Ә. Қошалақов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.