Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылындағы "Южная" көшесін қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 шілде 2016 ж.

    Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылындағы «Южная» көшесін қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылы халқының пікірін ескере отырып, 2016 жылғы 7 маусымдағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Еңбекшіқазақ ауданы Қаратұрық селолық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қаратұрық селолық округінің Ащысай ауылындағы «Южная» көшесі «Атайбек Қасенов» көшесіне қайта аталсын.

    2. «Еңбекшіқазақ ауданының Қаратұрық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Ыдрысова Ақмарал Советбековнаға осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

    3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Селолық округ әкімінің міндетін атқарушы

    Б. Сокуров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.