Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 6 «2016 жылға Ұлан ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 20 сәуір 2016 ж.

    Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 6 «2016 жылға Ұлан ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ұлан ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 6 «2016 жылға Ұлан ауданы аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4413 тіркеліп, 2016 жылғы 11 наурызда № 12 (7961) «Ұлан таңы» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Мамырбаеваға жүктелсін.

    Ұлан ауданы әкімінің міндетін атқарушы

    Д. Қажанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.