«Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің «Қалижан» шаруа қожалығындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы»

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 тамыз 2016 ж.

    Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің «Қалижан» шаруа қожалығындағы шектеу іс-шараларын алып тастау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Бесқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 212 ұсынысы негізінде Қарабас ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округінің «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары ауыл шаруашылық малдар арасында бруцеллез ошағын жою мақсатындағы малдәрігерлік шұғыл жоспар көлемі толығымен орындалуына байланысты алынып тасталсын.

    2. 2016 жылдың 5 мамырдағы № 1 Қарабас ауылдық округі әкімінің «Бесқарағай ауданы Қарабас ауылдық округі Қарабас ауылында және «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімі (2016 жылдың 11 маусымында аудандық «Бесқарағай тынысы» газетінің № 49 санында жарияланған, нормативтік құқықтық актілер реестірінде 1 мамыр 2016 жылы тіркелген № 4555) «Қалижан» шаруа қожалығында шектеу іс-шаралары деген бөлігі күшін жойды деп саналсын.

    3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

    Қарабас ауылдық округінің әкімі

    О. Болысбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.