Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 1/110 «Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 1/110 «Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 325-ө-м «Арнайы комиссия туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 1/110 «Арнайы комиссия туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1022 тіркелген, 2014 жылғы 8 наурызда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

    аталған қаулымен бекітілген Арнайы комиссия туралы ережедегі:

    қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда мазмұндалсын.

    2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы қаласының әкімі

    Б. Байбек

    Алматы қаласы әкімдігінің

    2016 жылғы « 11 » наурыздағы

    № 1/86 қаулысымен бекітілді

    Арнайы комиссия

    туралы Ережеге

    қосымша

    Арнайы комиссияның қорытындысы

    20___ ж. _____ _______ № _____

    Арнайы комиссия өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек алуға өтініш берген келесі адамдардың (отбасылардың)

    № п/п

    Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Учаскелік комиссия қорытындысының №

    өтінішін және оған қоса берілген құжаттарын қарап, адамға (отбасыға) өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты төмендегідей себептер бойынша:

    _________________________________________________________________________________________________

    _________________________________________________________________________________________________

    әлеуметтік көмек ұсыну __________________________________________________________________________ (қажеттілігі, қажеттілік жоқтығы)

    Әлеуметтік көмектің мөлшері _________ _____________________________________________________теңге. (сомасын жазу)

    Комиссия төрағасы:________________ _________________________________

    Комиссия мүшелері:_______________________ __________________________

    _______________________ __________________________

    _______________________ __________________________

    _______________________ __________________________

    _______________________ __________________________

    _______________________ __________________________

    (қолдары) (Т.А.Ә.)

    Қорытынды

    қоса берілген құжаттармен __ данада

    20__ж. «__»___ қабылданды.

    Құжаттарды қабылдаған уәкілетті орган қызметкерінің Т.А.Ә., лауазымы, қолы

    ________________________________________________________________________________________________

    Орындаған: ________ __________________

    (қолы) (Т.А.Ә.)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.