Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялануын;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы А.Б. Қарашевқа жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

    Е.Ыдырысов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрі

    ___________________ Б. Сұлтанов

    2016 жылғы 25 шілде

    Қазақстан Республикасы

    Сыртқы істер министрінің

    2016 жылғы 29 маусымдағы

    №11-1-2/303

    бұйрығымен бекітілген

    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

    Атауы
    Функционалдық мақсаты
    Арнайы көлік құралдарының
    пайдалануға құқығы бар
    мемлекеттік мекемелер
    Арнайы көлік құралдарының саны
    Жедел
    Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізу.
    Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметі
    3
    Ескертпе: * арнайы көлік құралы – Қазақстанға ресми іс-сапарлармен немесе жол-жөнекей сапарлармен келетін мемлекет және үкімет басшыларының, Сыртқы істер министрлерінің сапарларын қамтамасыз ету; Төтенше және өкілетті елшілерді қарсы алулар мен шығарып салулар; Дипломатиялық корпустың қатысуымен шараларды ұйымдастыру және өткізуге арналған жеңіл автомобиль базасындағы көлік құралы.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.