Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормаларын бекіту туралы

    2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына, «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормалары бекітілсін.

    2. Бекітілген нормаларды іске асыру республикалық бюджетте ағымдағы қаржылық жылға көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.

    3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

    3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары И.Д. Меркельге жүктелсін.

    5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

    Ж. Асанов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрінің

    міндетін атқарушы                             

    __________ Р. Дәленов

    «___» ________ 2016 ж.

    Қазақстан Республикасы

    Бас Прокурорының

    2016 жылғы 14 шілдедегі № 124

    бұйрығымен бекітілген

    Прокуратура органдарына көлік қызметін көрсету үшін арнайы көлік құралдарының заттай нормалары

    № р/с
    Арнайы көлік құралдарын пайдалануға құқығы бар құрылымдық бөлімшенің атауы
    Заттай нормалардың атауы
    Жеңіл автокөліктер базасында
    жүк автокөліктері мен жолаушылар автобустары шанағында
    Жүріс лимиті
    1 а/м айына (км)
    1
    2
    3
    4
    5
    Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
    1
    Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты
    Бөлімшенің 9 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    2
    Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімшесі
    Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    3
    Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімшесі
    Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    4
    Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі
    Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    5
    Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі
    Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    6
    Кадр жұмысы бөлімшесі
    Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    7
    Арнайы прокурорлар бөлімшесі
    Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    8
    Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау бөлімшесі
    Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    9
    Халықаралық ынтымақтастық бөлімшесі
    Бөлімшенің 10 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    10
    Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімшесі
    Бөлімшенің 6 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    11
    Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі
    Бөлімшенің 15 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    12
    Өтініштерді қарау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау және іс жүргізу бөлімшесі
    Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    13
    Норма шығармашылық қызмет саласыдағы қадағалау бөлімшесі
    Бір көлік құралы
    -
    2600
    14
    Мемлекеттік құпиялар туралы заңдарды қадағалау және құпиялылық режимін қамтамасыз ету бөлімшесі
    Бір көлік құралы
    -
    2600
    15
    Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесі
    Бір көлік құралы
    -
    2600
    16
    Ішкі аудит бөлімшесі
    Бір көлік құралы
    -
    2600
    17
    Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы
    Бір көлік құралы
    Орта немесе шағын класты алты жолаушы автобусы; үш аз тонналы жүк автокөлігі
    2600
    18
    Шаруашылық басқармасы
    Бір көлік құралы
    Орта немесе шағын класты бір жолаушы автобусы, бір аз тонналы жүк автокөлігі
    2600
    19
    Бас прокуратураның Алматы қаласындағы өкілдігі
    Бір көлік құралы
    -
    2600
    20
    Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет
    Бір көлік құралы
    Бір аз тонналы жүк автокөлігі
    2000
    21
    Құқық қорғау органдары академиясы
    35 бірлік штаттық санға бір көлік құралы
    Орта немесе шағын класты екі жолаушы автобусы; екі аз тонналы жүк автокөлігі
    2000
    Облыстық прокуратуралар мен оларға теңестірілген прокуратуралар
    22
    Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімшесі
    Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    23
    Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығын қадағалау бөлімшесі
    Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    24
    Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесі
    Бөлімшенің 5 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    25
    Соттарда мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі
    Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    26
    Арнайы прокурорлар бөлімшесі
    Тергеу топтарының басшыларына арналған бір көлік құралы
    -
    2600
    27
    Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімшесі
    Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    Орта немесе шағын класты бір жолаушы автобустары
    2600
    28
    Қылмыстық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын қадағалау және мемлекет мүддесіне өкілдік ету бөлімшесі
    Бөлімшенің 8 бірлік штаттық санына бір көлік құралы
    -
    2600
    29
    Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімшесі
    Бір көлік құралы
    -
    2600
    30
    Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің бөлімшелері
    Бір көлік құралы
    -
    2000
    Аудандардың (қалалардың) прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар
    31
    Аудандардың (қалалардың) прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар
    Қызметкерлер саны 35-тен жоғары болған жағдайда бір көлік құралы
    -
    2600
    32
    Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы
    «Река-Море» класты бір кеме
    -
    -

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.