"Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

    Күші жойылғанЖарлық
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

          Қазақстан Республикасының

          Президенті мен Үкіметі актілерінің

          жинағында және республикалық

          баспасөзде жариялануға тиіс

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

    1. "Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 573 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 19, 166-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

    жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

    "10. Қазақ ұлттық хореография академиясы".

    2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті

    Н.На­зар­ба­ев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.