Мәслихаттың кейбір шешімдерін күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
1) Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 29/7-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3357 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымдағы № 22 «Өскемен», «Усть-Каменогорск» газеттерінде жарияланған) шешімі;
2) Өскемен қалалық мәслихатының «Өскемен қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы» Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 29/7-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2015 жылғы 9 шілдедегі № 40/3-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4096 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 26 тамыздағы № 100 «Рудный Алтай», 2015 жылғы 27 тамыздағы № 97 «Дидар» газеттерінде жарияланған) шешімі.
2. Осы шешім қабылданған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы – қалалық мәслихаттың хатшысы
А. Абакумов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.