Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлерді анықтау туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған аудандық коммуналдық мүлікті (бұдан әрі - Объект) иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлер анықталсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Қошантаевқа жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақтоғай ауданының әкімі

    С.М.Әбеуова

    Ақтоғай ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 26 шілдедегі

    № 33/01 қаулысына қосымша

    Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша критерийлер

    Критерийлер атауы
    Ие­лік­тен ай­ы­ру түр­ле­рі
    1.
    Объ­ек­ті­ні одан әрі ба­қы­ла­уда мем­ле­кет­тің мүд­де­лі­гі­нің бол­мауы (шар­ттар қой­ыл­май­ды).
    Объ­ек­ті­ні ба­рын­ша жо­ға­ры ық­ти­мал ба­ға­мен са­ту және са­уда-сат­тық­қа қа­ты­су­шы­лар­дың кең ауқы­мын тар­ту қа­жет­ті­лі­гі.
    са­уда-сат­тық­ты аук­ци­oн ны­са­нын­да өт­кі­зу
    2.
    Объ­ек­ті­ні са­ту шар­тта­рын (қыз­мет бей­і­нін сақ­тау, кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­ті өтеу, жа­ла­қы бой­ын­ша бе­ре­шек­ті өтеу және бас­қа да шар­ттар) бел­гі­леу қа­жет­ті­лі­гі.
    Объ­ек­ті­ні ба­рын­ша жо­ға­ры ық­ти­мал ба­ға­мен са­ту қа­жет­ті­лі­гі.
    са­уда-сат­тық­ты ком­мер­ци­я­лық тен­дер ны­са­нын­да өт­кі­зу
    3.
    Се­нім біл­ді­рі­л­ген бас­қа­ру­шы­ның,жал­да­у­шы­ның (жал­ға алушы­ның) кей­ін­нен са­тып алу құқы­ғы­мен се­нім­гер­лік бас­қа­ру, мү­лік­тік жал­дау (жал­ға алу) шар­ты та­лап­та­рын орын­дау.
    тікелей атаулы сатылым
    4.
    Объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі.
    Ше­тел­дік ин­ве­стор­лар­ды қо­са ал­ған­да, са­уда-сат­тық­қа қа­ты­су­шы­лар­дың кең ауқы­мын тар­ту қа­жет­ті­лі­гі.
    сауда-саттықты қор биржасында өткізу
    5.
    Же­ке­ше­лен­дi­ру объ­ек­тiлерiн са­ту ал­дын­да­ғы дай­ын­дық пен олар­ды са­ту жөнiн­де кон­суль­та­ци­я­лық қыз­мет­тер­ді тар­ту қа­жет­ті­лі­гі.
    Кон­кур­сты же­ке­ше­лен­дi­ру ба­ға­сы­ның ба­сымды­ғын және (неме­се) өзге де шар­тта­рын ай­қын­дай­тын қар­жы ке­ңес­шiсiнiң қа­ты­суы­мен өт­кi­зу қа­жет­ті­лі­гі
    екi ке­зең­дi рәс­iм­дер ар­қы­лы кон­курс

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.