Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеумөлшері бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Танагузовке жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Ә.Тұрғымбеков

    Түлкібас ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 16 тамыздағы

    №315 қаулысына 1-қосымша

    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

    Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны
    Оның ішінде
    жергілікті бюджет есебінен
    1
    6321
    6321

    Түлкібас ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 16 тамыздағы

    №315 қаулысына 2-қосымша

    Жан басына шаққанда қаржыландырудың мөлшері

    Барлығы
    Айына бір тәрбиеленушіге кететін шығыс,
    айлық есептік көсеткіш, теңге (көп емес)
    Балабақша, бөбекжай 60 балаға дейін
    Балабақша, бөбекжай 60 баладан 175 балаға дейін
    Балабақша, бөбекжай 175 баладан жоғары
    Мектеп жанындағы шағын орталық (толық күндік)
    Мектеп жанындағы шағын орталық (жартылай күндік)
    28 000
    23 200
    19 300
    18 054
    7 304
    Ескерту: Ғимараттар мен құрылымдардың ағымдағы жөндеу жұмыстарына және материалдық техникалық базаны нығайтуға шығындар бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығынға қоса есептелмейді.

    Түлкібас ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы 16 тамыздағы

    №315 қаулысына 3-қосымша

    Ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    Барлығы
    Баланың жас ерекшеліктеріне қарай
    Күніне бір баланың тамағына шығын, теңге (көп емес)
    3 жасқа дейін
    248,7
    3 жастан 7 жасқа дейін
    318,6
    Ескерту: Айына бір балаға тамаққа кететін шығын нақты жұмыс күніне есептеледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.