Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 «Жер салығы ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдеғі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 26 бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихатының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 24-6 «Жер салығы ставкалары туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 6 тамызда № 13-4-105 тіркелген және «Дала дидары» газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 және «Ақжар-хабар» газетінің 2010 жылғы 14 тамызда № 34 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» Кодексінің 386 бабы 5 - тармағына, 387 бабы 1 - тармағына және 444 бабы 1 - тармағына сәйкес (Салық кодексі) Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:».
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
М.Жұмабаев
Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар аудандық мәслихаттың хатшысы
А.Хоршат
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістері
Комитетінің Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің Акжар
ауданы бойынша мемлекеттік кірістері
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________Ж.Батыргужинов
2016 жылғы 26 шілде
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.