Көшелерге атау беру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, Қызылорда облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы №4 қорытындысына сәйкес Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласының Ақсуат ауылдық округінің Наурыз саяжайы кешеніндегі атауы жоқ көшелеріне:
1) №3 жобалық көшеге – Дүтбай Мәмбетовтің есімі берілсін;
2) №5 жобалық көшеге – Қожабек Жұмаевтың есімі берілсін;
3) №11 жобалық көшеге – Ақмолда Арысбаевтың есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Б.Белгибаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақсуат ауылдық округінің әкімі
А. Нұрсейітов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.