Әкімдіктің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 36 "Алтынсарин ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 11 тамыз 2016 ж.

    Әкімдіктің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 36 «Алтынсарин ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының күшін жою туралы

    «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37 баптарына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алтынсарин ауданы әкімдіктің 2014 жылғы 14 ақпандағы № 36 «Алтынсарин ауданындағы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4498 болып тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда «Таза бұлақ – Чистый родник» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.

    Аудан әкімі

    Б. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.