Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Мұғалжар аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 11-26/131 ұсынысының негізінде, Құмжарған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Iрі мүйізді қара малдарының арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты Мұғалжар ауданы Құмжарған ауылдық округінің Бірлік ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құмжарған ауылдық округінің әкімі:
Р. Үргенішбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.