Май ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 тамыз 2016 ж.

    Май ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңы 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Май ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Май ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасары М.Қ. Құсайыноваға жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    А. Қаңтарбаев

    Май ауданы әкімдігінің

    2016 жылғы «8» тамыздағы № 159/8

    қаулысына қосымша

    Май ауданы бойынша 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

    № р/с
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мекемелерінің атауы 
    Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленуші-лердің саны
    Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
    Мемлекеттік қаржылан-дырудың айлық өлшемі, теңге
    Ата-аналар-дың айлық төлем ақысы, теңге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    1.
    Май ауданы әкімдігінің Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының «Ақбота бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    70
    (республикалық бюджет)
    32416
    32416
    1 жастан 3 жасқа дейін – 6400;
    3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
    2.
    Май ауданы әкімдігінің, Кеңтүбек селолық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    50
    (республикалық бюджет)
    36536
    36536
    1 жастан 3 жасқа дейін – 6000;
    3 жастан 7 жасқа дейін - 6400
    3.
    Май ауданы әкімдігінің Қаратерек селолық округі әкімі аппаратының «Балбөбек бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    70
    (республикалық бюджет)
    23716
    23716
    1 жастан 3 жасқа дейін – 5250;
    3 жастан 7 жасқа дейін - 6300
    4.
    Май ауданы әкімдігінің, Көктүбек селолық округі әкімі аппаратының «Айгөлек бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    70
    (республикалық бюджет)
    34679
    34679
    1 жастан 3 жасқа дейін – 6400;
    3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
    5.
    Май ауданы әкімдігінің, Ақшиман селолық округі әкімі аппаратының «Балауса бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    30
    (республикалық бюджет)
    24952
    24952
    1 жастан 3 жасқа дейін – 6400;
    3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
    6.
    Май ауданы әкімдігінің «Балдәурен балабақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    45
    (жергілікті бюджет)
    40011
    40011
    3 жастан 7 жасқа дейін - 6800
    7.
    Май ауданы әкімдігінің, Саты селолық округі әкімі аппаратының «Әйгерім бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    20
    (республикалық бюджет)
    57850
    57850
    1 жастан 3 жасқа дейін – 6800;
    3 жастан 7 жасқа дейін - 7300
    8.
    Май ауданы әкімдігінің, Май селолық округі әкімі аппаратының «Балдырған бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
    50
    (республикалық бюджет)
    34233
    34233
    1 жастан 3 жасқа дейін – 6400;
    3 жастан 7 жасқа дейін - 6800

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.