Панфилов аудандық мәслихаттың қабылдаған кейбір шешімдерінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және « Құқықтық актілер туралы » 2016 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Панфилов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Панфилов аудандық мәслихаттың:
1) 2014 жылғы 10 ақпандағы «Панфилов аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» (2014 жылғы 20 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2620 болып енгізілген, 2014 жылғы 12 сәуірде аудандық «Жаркент өңірі» газетінің № 16 нөміріне жарияланған) № 5-26-186 шешімі;
2) 2014 жылғы 30 мамырдағы «Панфилов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы «Панфилов аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы № 5-26-186 шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (2014 жылдың 13 маусымында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 2749 болып енгізілген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 27) № 5-32-217 шешімі;
3) 2015 жылғы 16 маусымдағы «Панфилов аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (2015 жылдың 16 маусымында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізіліміне № 3223 болып енгізілген, аудандық «Жаркент өңірі» газетінің 2015 жылғы 6 шілдесіндегі № 28) № 5-48-331 шешімі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы
__________ А. Ходжамбердиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы
__________ Е. Нұрахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.