Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11094 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Төмендегі:

    1) басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;

    2) басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

    3. «Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсидиялау нормаларын бекіту туралы» қаулысы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    Н. Әбдібеков

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «25» шілдедегі

    № 54/03

    қаулысына 1-қосымша

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

    р/н
    Ба­сым да­қыл­дар­дың ата­уы
    1
    арпа
    2
    сұлы
    3
    ма­сақ қо­спа­сы (би­дай және ар­па;* ар­па және сұ­лы**)
    4
    дәнді-бұршақ дақылдар
    5
    жармалық дақылдар (қарақұмық)
    6
    бір жыл­дық шө­птер (су­дан шө­бі, та­ры жем­шө­бі, сұ­лы сүр­лем (мо­но­корм)
    7
    ағым­да­ғы жы­л­ғы көп жыл­дық шө­птер­дің егі­стік ал­қа­бы (оның ішін­де бы­л­тыр­ғы жыл­дың кү­зін­де)
    8
    сүрлемдік жүгері
    9
    сүрлемдік күнбағыс
    10
    майлы дақылдар
    11
    көкөністік - бақша дақылдары
    12
    1 жы­лы там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сін қол­да­нып өсі­рі­л­ген кө­кө­ні­стік - бақ­ша және кар­топ да­қыл­да­ры (қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да өсі­рі­ле­т­ін­дер­ден бас­қа­сы)
    13
    2 жы­лы там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сін қол­да­нып өсі­рі­л­ген кө­кө­ні­стік - бақ­ша және кар­топ да­қыл­да­ры (қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да өсі­рі­ле­т­ін­дер­ден бас­қа­сы)
    14
    қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да өсі­рі­ле­тін кө­кө­ніс да­қыл­да­ры (өнер­к­ә­сіп­тік жы­лы­жай ке­шен­де­рі)
    15
    қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да өсі­рі­ле­тін кө­кө­ніс да­қыл­да­ры (фер­мер­лік жы­лы­жай­лар)
    16
    картоп
    * азыққа
    ** пішендемеге

    Қарағанды облысы әкімдігінің

    2016 жылғы «25» шілдедегі

    № 54/03 қаулысына

    2 қосымша

    Басым дақылдар өндіруді субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға және (немесе) 1 тоннаға)

    р/н
    Ба­сым да­қыл­дар­дың ата­уы
    1 гек­тар­ға бюд­жет­тік суб­си­дия (ба­за­лық) нор­ма­ла­ры, тең­ге
    1
    арпа
    2 500
    2
    сұлы
    2 500
    3
    ма­сақ қо­спа­сы (би­дай және ар­па;* ар­па және сұ­лы**)
    2 000
    4
    дәнді-бұршақ дақылдар
    2 500
    5
    жармалық дақылдар (қарақұмық)
    2 500
    6
    бір жыл­дық шө­птер (су­дан шө­бі, та­ры жем­шө­бі, сұ­лы сүр­лем (мо­но­корм)
    7 000
    7
    ағым­да­ғы жы­л­ғы көп жыл­дық шө­птер­дің егі­стік ал­қа­бы (оның ішін­де бы­л­тыр­ғы жыл­дың кү­зін­де)
    8 000
    8
    сүрлемдік жүгері
    10 000
    9
    сүрлемдік күнбағыс
    10 000
    10
    майлы дақылдар
    4 500
    11
    көкөністік - бақша дақылдары
    21 000
    12
    1 жы­лы там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сін қол­да­нып өсі­рі­л­ген кө­кө­ні­стік - бақ­ша және кар­топ да­қыл­да­ры (қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да та­ғы өсі­рі­ле­т­ін­дер­ден бас­қа­сы)
    80 000
    13
    2 жы­лы там­шы­ла­тып су­а­ру жүй­е­сін қол­да­нып өсі­рі­л­ген кө­кө­ні­стік - бақ­ша және кар­топ да­қыл­да­ры (қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да өсі­рі­ле­т­ін­дер­ден бас­қа­сы)
    30 000
    14
    қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да өсі­рі­ле­тін кө­кө­ніс да­қыл­да­ры (өнер­к­ә­сіп­тік жы­лы­жай ке­шен­де­рі)
    4 000 000
    15
    қор­ғал­ған то­пы­рақ жағ­дай­ын­да өсі­рі­ле­тін кө­кө­ніс да­қыл­да­ры (фер­мер­лік жы­лы­жай­лар)
    1 960 000
    16
    картоп
    4 500
    * азыққа
    ** пішендемеге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.