Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

    1. "Сапа саласындағы конкурс туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 11, 125-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға қосымшада:

    Сапа саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамына:

    Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға Нұрпейісов - Қазақстан Республикасының Қайрат Айтмұхамбетұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі Ойнаров - Қазақстан Республикасының Азамат Рысқұлұлы Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары болып енгізілсін; "Досқалиев - Қазақстан Республикасы Денсаулық Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау ісі жөніндегі агенттігінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: "Досқалиев - Қазақстан Республикасы Денсаулық Жақсылық Ақмырзаұлы сақтау министрі";

    көрсетілген құрамнан Даниял Кенжетайұлы Ахметов, Рақымберген Құрманғалиұлы Тоқсейітов, Ольга Алексеевна Марзилович шығарылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.