Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "2001 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 1950 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 56, 627-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
IV "Шығыстар" бөлімінде:
15 "Ресми трансферттер" функционалдық тобында:
1 "Ресми трансферттер" кіші функциясында:
119 "Қарағанды облысының әкімі" әкімшісі бойынша:
18 "Республикалық бюджеттен алынатын трансферттер" бағдарламасында:
30 "Приозерск қаласының инфрақұрылымын қолдау" кіші бағдарламасындағы "10000" деген сан "160600" деген санмен ауыстырылсын;
33 "Приозерск қаласын жылыту үшін мазут тасымалы қызметіне ақы төлеу" кіші бағдарламасындағы "100000" деген сан "39400" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.