Облыс әкімінің «Адресті әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі Ережені бекіту туралы» 1999 жылғы 7 қазандағы № 200 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң «Адресті әлеуметтiк көмек көрсетудің уақытша тәртібін бекiту туралы» 1999 жылғы 22 шiлдедегi № 1036 қаулысына сәйкес ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. Облыс әкiмiнiң «Адресті әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі Ережені бекiту туралы» 1999 жылғы 7 қазандағы № 200 шешiмiне төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
а) Ереженiң 45-тармағының I-тармақшасы төмендегiдей редакцияда мазмұндалсын:
«18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға әлеуметтiк көмек әрбiр балаға арналған есептiк көрсеткiштiң 130 пайызынан кем емес мөлшерде тоқсанына бiр рет көрсетiледi».
б) Ереженiң 45-тармағының 2-тармақшасындағы «100» саны «130» санымен өзгертiлсiн.
2. Аталған өзгерiстер 2001 жылдың 1 сәуiрiнен бастап енгiзiледi.
Облыс әкiмi
Қ.Көшербаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.