Қарақия ауданының Ботагөз селолық округiн тарату туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 19 маусым 2001 ж.

    Қарақия ауданының Ботагөз селолық округiн тарату туралы

    "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының Z010148_ 6 бабы 1 тармағы 4)тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат және облыс әкiмi шешiм еттi:

    1. Қарақия ауданының Ботагөз селолық округi таратылсын .

    2. Таратылған Ботагөз селолық округiнiң құрамына кiретiн елдi мекендердiң әкiмшiлiк бағыныштылығы Қарақия ауданының селолық (поселкелiк) округтерiне қаратылсын (қосымшаға сәйкес). 3. "Қарақия ауданының Ботакөз селолық округiн тарату туралы" облыстық мәслихатының 1999 жылғы N 23/255 шешiмiнiң әдiлет органдарына тiркеуге берiлмеуiне байланысты, күшi жойылған деп танылсын.

    Сессия төрағасы

    Қ.Iзiмов

    Облыс әкiмi

    Л.Қиинов

    Облыстық мәслихат хатшысы

    Б.Чельпеков

    Маңғыстау облыстық мәслихаты мен

    Маңғыстау облысы әкiмiнiң 2001 жылғы

    20 маусымдағы N 12/105 шешiмiне

    жалғама

    Ботагөз селолық округiнiң аумағында тұрған елдi мекендердiң әкiмшiлiк бағыныстылығын Қарақия ауданының селолық (поселкелiк) округтерiне қарату туралы

    1. Құрық поселкелiк округiне - Жаман Қызыладыр, Жақсы Қызыладыр, Мешiттi қора, Самалет ой, Бескемпiр, Көктас, Ракушечный, Удек, Құйжақ, Жұлдыз, Тасмұрын елдi мекендерi.

    2. Жетібай поселкелiк округiне- Шұқырой, Асар, Шынжыр-1, Шынжыр-2, Қонайқора, Бисенбай, Тасболат, Үшқұй, Тарла, Боржақты, Қожабай қора, Жұмақазық қора, Кенжей қора елдi мекендерi

    3. Құланды селолық округiне - Аққора, Ботагөз, Қорғанбай, Шапалақ, Фетисово елдi мекендерi

    4. Бостан селолық округiне - Қарамандыбас, Борсықмұрын, Сартөбе, Өзен ойы елдi мекендерi

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.