1974-1983 жылдары туылған азаматтарды мерзімді әскери қызметке 2001 жылғы қазан-желтоқсанда кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының “Жад міндетгілік және әскери қызмет туралы“ Қазақстан Республикасы Президентінін 2001 жылғы 28 қырқүйектегі “Белгіленген әскери қызмет мерзім өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2001 жылғы қазан - желтгоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы” № 688-Жарлығына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1. Аудандық және қалалық шақыру қызметін басқару және бақылау үшін облыстық қосымшаға сай бекітілсін.
2. Аудандар мен қалалар әкімдері жұмысын ұйымдастырсын және 2001 азаматтарды мерзімді әскери қызметке комиссариаттар арқылы қамтамасыз етсін. Шақырушыларды жиналу орнына жеткізуді қамтамасыз етсін.
3. Облыстық телекоммуникация дирекциясы (Ж.А.Мейрембаев) шақыру пунттерінде телефон байланыстарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етсін.
4. Денсаулық сақтау басқармасы (А.Д Дүйсекеев.):
-облыстық, аудандық және қалалық шақыру комиссиялары білікті дәрігер-мамандармен және орта медициналық қызметшілермен толықтырылсын;
- шақырушылардың дер кезінде әдістемелік нұсқаулардың талаптарына сәйкес дәрігерлік іріктелуін қамтамасыз етсін.
5. Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (К.Ж.Жәйшібекова) жас жігіттерді қазақстандық патриотизмге Отан қорғаудағы конституциялық міндетін мүлтіксіз тәрбиелеу жұмыстарын жандандырсын.
6. Қаржы басқармасы ( М.А. Сәтқалиев.) әскери комисариаттарды шақыру жүргізуге байланысты қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
7. Облыстың әскери комиссары (Т.Р Мәукебасв.) осы шешімнін орындалу барысы туралы 2002 жылы 20 қаңтарға дейін хабардар етсін.
8. Шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары — В.А. Долженковқа жүктелсін.
9. Облыс Әкімінің 2001 жылғы 3 сәуірдегі № 4-81 шешімі күшін жойған деп есептелсін.
Облыс Әкімі
Ш. Құлмаханов
Облыс Әкімінің
2001 жылғы 4 қазан
№ 10-125 шешіміне
қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы
Комиссияның төрағасы
Долженков В.А. - облыс Әкімінің бірінші орынбасары
Комиссия төрағасының орынбасары
Мәукебаев Т.Р. - облыстың әскери комиссары
Комиссия мушелері
Әшіров К. Ә.- облыстың ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Тұрсынмұратова Б.Е.- облыстық денсаулық сактау басқармасы бастығының орынбасары
Әдиев. А.М. - облыстық әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы
Перкин С.И.- әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік комиссиясының орынбасары
Теңізбаева М.З.- облыстың шақыру комиссиясының хатшысы
Фетер Н.Н.- облыстың шақыру комиссиясының хатшысы
Дәрігер-мамандар және
орта дәрігер-мамандар
қызметшілері (негізгі құрам)
Алматы және Талдыкорған
қалаларында
-облыстық денсаулық сақтау басқармасы
бастығының және облыстық
әскери комиссариаттың әскери-дәрігерлік
комиссиясы төрағасының бұйрығымен
бірге бекітіледі
Облыс Әкімінің Аппарат басшысы
Н. Сүлейменов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.