Аудандық және қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алулардын мерзімдігін қамтамасыз етудін тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1-сәуірдегі «Бюджет жүйесі туралы» Заңының 8-бабын орындау үшін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4-мамырдағы «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы» № 528 Қаулысына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ қабылдады:
1. Қоса беріліп отырған аудандық және қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі бекітілсін.
2. Облыстық қаржы басқармасы, тиісті қаржы жылына арналған Облыстық Мәслихаттың оолыстық бюджеті туралы шешімге және көрсетілген Тәртіпке сәйкес аудандар және қалалар бюджеттерінің кіріс бөлігінен, пайыз есебімен аудандық және қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алулардың мөлшерін айқындасын.
3. Облыстық Қазынашылық басқармасы облыстық қаржы басқармасы тапсырған, өткен айларда артық төленген және кем төленген сомаларын ескере отырып облыстық бюджетке бюджеттік алулардың аударылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақьлау облыс Әкімінің бірінші орынбасары В.Долженковқа жүктелсін.
Облыс Әкімі
Ш.Құлмаханов
Облыс Әкімі 2001 жылғы
«4» қазандағы
№ 10-126 шешімімен
бекітілген
Аудандық және қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін камтамасыз етудің ТӘРТіБі
1. Осы Тәртіп Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1-сәуірдеп «Бюджет жүйесі туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 4-мамырдағы «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзімдігін қамтамасыз етудің тәртібі туралы» № 528 Қаулысының негізінде және тиісті каржы жылына арналған Облыстық Мәслихаттың облыстық бюджеті туралы шешімін орындау үшін аудандық және қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алулардың (бұдан әрі-бюджеттік алулар) мерзімдігін айқындайды.
2. Облыстық қаржы басқармасы тиісті қаржы жылына арналған Облыстық Мәслихаттың облыстық бкіджеті туралы шешімі күшіне енгеннен кейін бір ай мерзімде аудандар және қалалар бюджеттерінің кіріс бөлігінен пайыз есебімен (бұдан әрі-бюджеттік алулардың пайызы) бюджеттік алулардың мөлшерін айкындайды және оларды аудандар мен қалаалар әкімдеріне (бұдан әрі-әкімдер) жеткізеді.
3. Бюджеттік алулардың пайыздары тиісті каржы жылына арналған облыстық бюджет туралы шешімде белгіленген бюджеттік алулардың көлемдері мен аудандық және қалалық бюджеттердің кіріс белігі сомасының негізінде айкындалады.
4. Әкімдер облыстық каржы баскармасы келтірген пайызға сүйеніп аудандық және қалалық бюджеттердің шығыс белігінде мәслихаттар бекіткен бюджеттік алуларды айларға бөлуді көздейді.
5. Аумақтық қазынашылық органдар тиісті жергілікті атқарушы органдардың қолы қойылған қаржылық рұқсаттың және аудандық, қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аудару жөніндегі төлеу тапсырмаларының негізінде, қолданылып жүрген заңдарда ескерілген тәртіппен аудандық (қалалык) бюджеттерден облыстық бюджетке бюджеттік алуларды аудару процедураларын аткарады. Аудандық және қалалық қаржы бөлімдері аудандық және қалалық бюджеттердің орындалуы туралы есеп жасаған кезде бюджеттік алулардың сомасын шығыс бөлігінде көрсетеді.
6. Ойлыстық қаржы басқармасы ай сайын бюджеттік алулардың артық төленген және кем теленген сомаларын айқындайды және үш күн мерзімде оларды облыстық қазынашылық басқармасына жеткізеді.
7. Облыстық қазынашьшық басқармасы, өткен айлар үшін бюджеттік алулар артық төленген кезде артық төленген сомаға бюджеттік алуды жүргізбейді.Оның алдындағы айдың аяғындағы есеп бойынша бюджеттік алулар кем төленген кезде кем төлеудің мөлшері қалпына келтірілгенге дейін, бірак аудандық және калалық бюджеттердің ағымдағы күннің басындағы ағымдағы шотындағы қалдықтың 50%-нан асырмай осы тәртіптің 5 тармағына сәйкес айқындалған сомаларына артық бюджеттік алуды жүргізеді.
8. Аудандық және қалалық бюджетгердің кіріс бөлігі орындалмаған жағдайда, бюджеттік алу тиісті бюджеттердің кіріс бөлігінің атқарылуына сайма-сай жүргізіледі және осы тәртіптің 5,6 тармақтарында белгіленген шарттар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
9. Бюджеттік алу облыстық мәслихаттың облыстық бюджет туралы шешімінде белгіленген сомалардың шегінде қаржы жылы бойына жүргізіледі.
10. Ағымдағы каржы жылына арналған бюджетгік алулар бойынша түпкілікті есеп , ағымдағы каржы жылының 31 желтоқсандағы жағдайы бойынша аудандық және қалалық бюджеттерге жыл бойы іс жүзінде калыптасқан түсімдердің негізінде, есепті кезеңде жүргізіледі.
11. Бюджеттік алулардың толық аударылуы мен уақытылығын бақылауды жергілікті қаржы органдары және аумақтық казынашылық органдар жүзеге асымды.
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.