Ақмола облысында көліктің барлық түрлepі мен жолаушылық қызмет көрсетудің жағдайы және оларды әрі қарай дамытудың шаралары туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Ақмола облысында көліктің барлық түрлepі мен жолаушылық қызмет көрсетудің жағдайы және оларды әрі қарай дамытудың шаралары туралы

    «Қазақстан теміржолы» республикалық коммуналдық кәсіпорнының Ақмола теміржолы тасымалдау бөлімшесі бастығының орынбасары К.М.Оразбаевтың, «Жолаушылық автотасымалдарды ұйымдастыру Орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Р.Ғ.Бегішевтің, «Көкшетау авиакомпаниясы» ашық үлгідегі акционерлік қоғамының президенті Ю.В.Грязновтың ақпаратын тыңдап, талқылай келіп, облыстық мәслихат облыста көліктің барлық түрлерін және жолаушылық кызметті дамыту жөнінде белгілі жұмыс жүргізіліп отырғанын, көліктік кешеннің жағдайы өкілді және атқарушы органдардың байқауында екендігін атап өтеді. Экономиканы реформалау, нарықтық қатынастың қалыптасуы жағдайында облыстың теміржол, автомобиль, әуе көлігінің құрылымы өзгеріп, билік нысандарының ауысуы жүріп жатыр.

    Қазіргі уақытта «Қазақстан темір жолы» республикалдық мемлекеттік кәсіпорнының Ақмола теміржол тасымалдау бөлімшесі Солтүстік Қазақстанның үш ірі аймағына көліктік қызмет көрсетеді. Бөлімшенің құрамына 89 жеке-жеке пункттер, 40-тан астам жүк операциясын жүргізетін станциялар, іріктеу құрылғыларымен жабдықталған 5 станция кіреді. Тасымалдаудың 95 пайызы электровоз сүйреуінің үлесіне тиеді.

    Үстіміздегі жылдың 9 айында тасымалдау бөлімшесі негізгі сандық және сапалық көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етті. Орта тәуліктік вагондарға жүк тиеу 148 пайызға орындалған, жоспардан тыс 1 миллион тоннаға жақын жүк тиелген. Жолаушылар айналымы 106 пайызды, орта айлық еңбекақы 16267 теңгені құрады.

    Теміржол көлігі кәсіпорындарының тұрақты жұмыс істеуі әлеуметтік жүйені қолдап, техникалық ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу үшін едәуір қаражатты бөлуге мүмкіндік береді.

    Соңғы уақытта автомобиль көлігінде, халыққа автоқызмет көрсетуде оң өзгерістер болып жатыр. Облыстың барлық маршруттық желісі жолаушылық қатынастың бірыңғай жүйесін көрсетеді. Оған заңды және жеке тұлғалардың 26 тасымалдаушылары, соның ішінде 16 мамандандырылған кәсіпорындар қызмет көрсетеді. Ашық тендерлер өткізу негізінде жолаушыларды тасымалдау үшін құқық алуға жалпы ұзындығы 15 мың шақырымнан астам 130 қалааралық, қалалық, кала маңы маршруттары жасалып, жүзеге асырылуда. Облыс ішінде 50 маршрут, оның аумағы арқылы 20 облысаралық, 2 халықаралық маршрут өтеді.

    Автомобиль паркін жаңарту автоқызмет құнын төмендету жұмысы жүргізіліп отыр.

    «Көкшетау-Тұлпар» ЖШС-ы бөлінген қаржы есебінен 10 жаңа автобус, «Сейнұр» ЖАҚ-15 автобус, 16 «Газель» маркалы шағын автобус, 10 жеңіл автомобиль-такси сатып алды. «Арбакеш» ЖАҚ-ы жекеменшік қаржысы есебінен жоғары жайлылықты 4 автобус, «Степногорскавтотранс» ЖШС 3 автобус, «Тұлпар» ӨК 13 автобус сатып алды. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізді.

    «Көкшетау авиакомпаниясы» ашық үлгідегі акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы ірі қалаларының, ТМД елдерінің және алыс шет елдердің арасында әуе арқылы тасымалын қамтамасыз етеді. Көкшетау қаласындағы аэропорт республикалық мәндегі аэропорт болғандықтан сағатына 200 жолаушыға қызмет көрсетіп, әр түрлі әуе кемелерін қабылдай алады. Аэропорттың 150 орындық қонақ үй кешені, жылумен, сумен жабдықтау жергілікті жүйесі, даму болашағы бар.

    Сонымен бірге, талдау көрсеткендей, өкілді және атқарушы органдардың тарабынан бақылаудың жеткіліксіздігі облыстағы көліктің барлық түрлерін, жолаушылық қызмет көрсетуді әрі қарай дамыту жөнінде белгіленген шараларды іске асыруға теріс әсерін тигізіп отыр. Осы мәселелер аудандық, қалалық мәслихаттардың сессияларында, әкімияттардың отырыстарында сирек қаралады, көліктің болашағын ескере отырып, оның мәселелерін шешуге бейімделген үйлестіру орталығы жоқ. Облыс әкімі аппаратының өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік және коммуникация бөлімі көліктің барлық түрлерінің толғағы жеткен қаржы, ұйымдық-техникалық, әлеуметтік проблемаларын шешуге кешенді көзқарас қамтамасыз етуде әлі де үйлестіруші бола алмай отыр. Жолаушыларға қызмет көрсету және тасымалдау жүйесінде озат тәжірибе, маркетинг пен менеджменттің жаңа технологиясын енгізу жөнінде аз зерттеледі.

    Осының бәрі көліктік кәсіпорындардың қызметінде елеулі кемшіліктердің болуына әкеп соғады.

    Мәселен, теміржол көлігі үшін вагондардың көп уақыт тұрып қалуы елеулі тежеу болып табылады, соның салдарынан станцияның өткізу кабілеті қысқарып, жүктің сақталуына қауіп төндіреді.

    Тасымалдау бөлімшесінің теміржол өтпелерінде қозғалыстың қауіпсіздігі бойынша өте қиын жағдай қалыптасып отыр. Үстіміздегі жылы үш қақтығыс жасалып, екі қақтығыс адам өлімімен байланысты болды. Көпшілік бөлігі шаруашылық субъектілеріне қарайтын маңызды мәселе болып табылатын кіреберіс жолдарын ұстау шешімін таба алмай отыр. Олардың қанағаттанғысыз жағдайының нәтижесінде жылжымалы құрамның шығып кетіп, едәуір зақымдану оқиғалары жиілеп кетті.

    Жолаушылар тасымалдау автомобиль паркінің ішінара жаңаруына қарамастан, бұл проблеманың шешілуі әлі алысырақ болып тұр. Қазіргі уақытта тасымалдау көлік құралдары жалпы санының 75 пайыздан астам автобустары пайдаланым шегінен шығып кеткен, олардың жайлылығы аз, динамикалық көрсеткіші төмен, мұның өзі жолаушыларға қызмет көрсетуде теріс ықпалын тигізеді. Екінші деңгейдегі банктердің несиелеу мерзімінің қысқалығы, банктік пайыздың жоғарылылығы, кепілдік мүліктің өтімділігіне көтеріңкі талап қойылуы автокәсіпорындардағы автомобиль парктерін жанарту қарқынын тежеп, іс жүзінде патент негізінде жұмыс істейтін тасымалдаушылардың қолын байлап отыр.

    Осы жүйеде салық комитеттерінің маршрут туралы деректерді ескермей кәсіпкерлік кызметке патент беру тәжірибесі жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды ұйымдастырушылардың жағынан жазғырушылық туындатады. Әсіресе қысқы уақытта автобустарға тұрақты диспетчерлік сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында «Көкшетау авиакомпаниясы» ашық үлгідегі акционерлік қоғамының, төтенше жағдай жөніндегі басқарманың, жол полициясының, автомобиль жолдары басқармасының араларында өте тығыз әрекет жасауды орнату керек. Автомобиль жолдары мен елді мекендердегі көшенің жүру бөлігінің жағдайы жақсартуды қажет етеді.

    «Көкшетау авиакомпаниясы» ашық үлгідегі акционерлік қоғамының қызметін жандандыру мәселесі шындап талқылауға лайық. Соңғы үш жыл ішінде ол жолаушыларды тасу көлемін 2,4 есе, жүк тасуды 3,8 есе, авиахимиялық жұмысты 20 еседен артық азайтты. Көкшетау қаласындағы аэропортты уақытша сызбамен халықаралық ұшуды қамтамасыз етуге кіру рұқсаты проблемасын шешу керек, бұл облыс орталығы мен аймақты дамытуға белгілі ықпал жасар еді.

    Облыстық мәслихат шешім етті:

    1. Облыс, қалалар мен аудандар әкімияттарына облыста көліктің барлық түрлерін және жолаушылық қызметті әрі қарай дамыту жөнінде нақты шаралар жасап, іске асыру ұсынылып, жолаушылық қызмет село халқына, сондай-ақ Щучье-Бурабай курорт аймағына көрсетуді ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінсін.

    2. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.), қалалар мен аудандардың әкімдері облыста көлік кешенін және жолаушылық қызмет көрсету жөнінде 2002 жылға көзделген шараларды қаржыландыру мүмкіншілігін іздеу жөнінде қажетті жұмыстарды жүргізсін.

    3. Облыстық автомобиль жолдары, жол полициясы басқармалары, «Қазақстан темір жолы» республикалдық коммуналдық кәсіпорнының Ақмола теміржол тасымалдау бөлімшесі, салық комитеті, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитеті, кеден басқармасы жол құрылысы, автомобиль жолдары, қалалар мен аудандар орталығындағы көшелердің жүру бөлігін жөндеу және ұстау, теміржол және автомобиль көліктерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, облысты әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсатында көлік кешенінің тиімді жұмысы үшін қажетті жағдай жасау жөніндегі жұмысты жақсартын.

    4. «Жолаушылық автотасымалдауда ұйымдастыру Орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (Бегішев Р.Ғ.), облыстық төтенше жағдай жөніндегі (Қанапиянов И.А.), автомобиль жолдары (Долгих Г.В.) басқармаларына көлікке тұрақты диспетчерлік сүйемелдеуді, әсіресе қысқы уақытта қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимыл жасау және ақпаратпен алмасу жүйесін жасау ұсынылсын.

    5. Облыс әкімиятына Көкшетау қаласындағы аэропортты уақытша сызба бойынша халықаралық ұшуды қамтамасыз ететін Республика аэропорттарының қатарына енгізу мәселесін Қазақстан Республикасы үкіметінде талқылау ұсынылсын.

    6. Облыстық телерадиокомпания, облыстық газеттердің редакциялары түйінді мәселелерді және облыстағы көлік және жолаушылық қызмет көрсетудің барлық түрлерін дамытудың өмірлік маңызы бар мәселелерін шешудегі оң тәжірибелерін жүйелі түрде жариялап отырсын.

    7. Шешімнің орындалуына бақылау жасау облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер, өнеркәсіпті дамыту, көлік, байланыс, құрылыс, кәсіпкерлік, азық түлік және экология жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

    8. Осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

    Сессия төрағасы

    Б.Шамиғанов

    Облыстық мәслихаттың хатшысы

    М.Қойшыбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.