Глубокое және Шемонаиха аудандарында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды жүзеге асыру барысы туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Глубокое және Шемонаиха аудандарында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңды жүзеге асыру барысы туралы

    "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды жүзеге асыру жөнiнде Глубокое және Шемонаиха аудандарының әкiмдерi белгiлi жұмыс жүргiзуде. Заңның орындалу барысы үстiмiздегi жылғы 26 ақпанда Глубокое, 26-наурызда Шемонаиха аудандарының әкiмдерi жанындағы алқа мәжiлiсiнде қаралған, ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындардағы үйiрмелер жүйесi арқылы мемлекеттiк тiлдi оқыту ұымдастырылған.

    Қазiргi уақытта бiлiм беру жүйесiнде мемлекеттiк тiлдi Глубокое ауданында мектеп оқушыларының 99,4, Шемонаихада 96,4 процентi оқып-үйренуде, 1995 жылы бұл көрсеткiш тиiсiнше 83,9 және 80,5 процент болған. Мектептердегi қазақ тiлiн оқыту сағаттары базистiк оқу жоспарына сай келедi.

    Шемонаиха ауданының әкiмi Заңда белгiленген бiрқатар проблемаларды қаржыландыру мүмкiндiктерiн iздестiрiп тапқан.

    Қазақтардың ауданға қоныстануының өсуiн ескерiп: 1996 жылы 189, 1997 жылы 423 адам, балаларды оқытуға қолайлы жағдай туғызу мақсатында Глубокое кентiнде 1997 жылы қазақ мектебi ашылған.

    Шемонаиха ауданының мектептерiнiң бәрiнде шетел тiлдерi оқытылады, Шемонаиха қаласында 1997 жылдан бастап ағылшын тiлiн тереңдетiп оқытатын Россия-Американ мектебiнiң филиалы жұмыс iстейдi.

    Аудандарда ұлттық дәстүрге, мәдениетке, тiлге негiзделген бұқаралық шаралар өткiзу тәжiрибесi жинақталуда.

    Мұнымен бiрге осы аудандарда "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды жүзеге асырудағы жұмыстар айтарлықтай нәтиже бермеуде, қажеттi ұйымдастыру шараларымен бекiтiлмейдi, көбiнде немқұрайды сипат алған.

    Шемонаиха ауданы әкiмiнiң аппаратында штаттық тiзiмге аудармашы қызметi енгiзiлмеген. Барлық құжаттар тек орыс тiлiнде әзiрленедi. Мамандардың болмауынан Межовка және Трехгорное селоларындағы бастауыш мектептерде қазақ тiлi оқытылмайды. Екi ауданда да қазақ тiлiнiң мамандары жетiспейдi.

    Шемонаиха ауданындағы қазақ тiлi мұғалiмдерiнiң арасында бiрде-бiр арнайы жоғары бiлiмдi педагог жоқ, ал олардың төрттен бiр бөлiгiнiң тiптi педагогикалық бiлiмi де жоқ-олар ауылшаруашылығының мамандары, мәдениет қызметкерлерi және т. б.

    Глубокое ауданында қазақ тiлiн оқытатын 56 педагогтiң тек 10 процентi ғана жоғары бiлiктi, ал жартысының тiптi категориясы жоқ. Бұл сабақ беру сапасына, оқушылардың бiлiмiне керi әсер етуде.

    Осы себептермен Глубокое ауданының 5 мектебiнде шетел тiлдерi оқытылмайды. Осы аудандарда ұлттардың жинақы орналасқан жерлерiнде ана тiлiн оқытуға жағдай жасау ескерiлмейдi.

    Бұрын тәжiрибеленiп келген немiс тiлiн ана тiлi ретiнде оқыту жүйесi соңғы екi жылда тоқтатылған. Бiлiм беру саласында кадрлар проблемасын шешуде жеткiлiктi шаралар қабылданбауда.

    Соңғы 6 жылда Глубокое аудандық бiлiм беру бөлiмiнiң қазақ тiлi мұғалiмдерiне берген 25 тапсырысына тек 5, шетел тiлдерiнен 40-тан -8 мұғалiм ғана келген. Шемонаиха ауданында да жағдай осындай. Ономастикалық комиссиялардың жұмысы екi ауданда да жеткiлiксiз. Аудан орталықтарын қоса елдi мекендердiң басым бөлiгiндегi кәсiпорындар мен ұйымдарда маңдайшалар, анықтамалар мен жарнамалық ақпараттар "Тiл туралы" Заңды бұза отырып, тек орыс тiлiнде орындалған. Баяндалғандарға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:

    1. Глубокое ауданының әкiмi М.А.Әкiрамовтың, Шемонаиха ауданының әкiмi А.В.Гречухиннiң есептерi еске алынсын. Олардың назары "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды жүзеге асырудағы жұмыстарындағы кемшiлiктерге аударылсын. Басқаратын аудандарында Заң талаптарын мүлтiксiз орындау талап етiлсiн.

    2. Глубокое ауданының әкiмi М.А.Әкiрамов, Шемонаиха ауданының әкiмi А.В.Гречухин қоғамдық өмiрдiң барлық саласында мемлекеттiк тiлдiң қызмет етуiне басымдық жағдай жасау жөнiндегi Заң талаптарын орындауға қажеттi кешендi ұйымдастыру шараларын қамтамасыз етсiн:

    - облыс әкiмiнiң 1997 жылғы 2 желтоқсандағы N1-222-р өкiмiне сәйкес iс қағаздарын қостiлдiлiкке көшiруге арналған әзiрлiк жұмыстары жандандырылсын. Өз аппараттарының штаттық тiзiмiне аудармашы, қазақ тiлi оқытушысы, мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу маманы қызметкерлерiн енгiзсiн;

    - мемлекеттiк басқару органдары, қызмет көрсету саласының қызметкерлерiне мемлекеттiк тiлдi оқыту жұмыстары мақсаткерлiкпен жүргiзiлсiн. Оқу орындары, мәдениет мекемелерi негiзiнде тiлдердi оқыту орталықтары құрылсын.

    3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi көрнекi ақпаратты ретке келтiру және оны "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы"» Заңның 21 бабындағы талаптарға сәйкестендiру мақсатында тұрақты және басқа да жарнамаларды аудан орталықтарында, елдi мекендерде орналастырудың нобайын (схемасы) жасап, бекiтсiн.

    Ұйымдар мен мекемелердiң, меншiктiң барлық нысандарындағы кәсiпорындардың маңдайшалары, жарнамалар, басқа да көрнекi ақпарат құралдарының сауатты жазылуы, олардың текстерiнде қазақ тiлiнiң терминологиялық қалпын сақтау қамтамасыз етiлсiн.

    4. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды жүзеге асыру шараларының жоспары туралы»облыс әкiмiнiң 1997 жылғы 2 желтоқсандағы N1-222р өкiмiн орындау жөнiнде бұлжымайтын шаралар қолдансын. Осы шешiмдi талқылап, тиiстi шаралар қабылдасын. Атқарылған жұмыстар жөнiнде облыстық тiл комитетiне 1998 жылғы 1 шiлдеге дейiн ақпарат берсiн.

    5. Облыстық бiлiм беру департаментi (Видова О.И.), қалалар мен аудандардың әкiмдерi мектептердi қазақ, шетел тiлдерiнiң бiлiктi мамандарымен толықтыруға қажеттi барлық шараларды қолдансын. Олардың жұмыста орнығуына қажеттi жағдайлар жасасын.

    6. Облыстық бiлiм беру департаментi (Видова О.И.) орыс тiлiндегi мектептердегi қазақ тiлi оқытушыларының сапалық құрамын зерттеп, аттестациялаудың нәтижелерi бойынша шара қолдансын. Осы мамандықтағы кадрларды қайта даярлау сапалы жүргiзiлсiн. Мемлекеттiк тiлдi оқытуда базистiк оқу бағдарламасын мүлтiксiз сақтап оны оқыту сағаттарын негiзсiз қысқартуға жол берiлмесiн.

    7. Облыстық тiл комитетi (Құсманова Г.И.) күнделiктi тәжрибеге мемлекеттiк тiлдi белсендi қолдануды енгiзу, барлық жерде қазақша-орысша, орысша-қазақша қостiлдiлiктi дамыту шараларын жүзеге асырсын:

    - "Қзақстан Республикасындағы тiл туралы" Заңды жүзеге асыру шараларының орындалуы туралы облыс тұрғындарын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемi хабардар етiп отырсын;

    - Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетi, А.С.Пушкин атындағы облыстық кiтапхана базасында тiлдердi оқыту орталықтарын ашып, олардың негiзiнде мемлекеттiк тiлдi оқып-үйренушiлерге көмек ретiнде бағдарламалар, әдiстемелiк оқулықтар, нұсқаулар, ақпаратты аналитикалық материалдарды әзiрлесiн.

    Оқытушы, аудармашы, мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу мамандары кадрларын ұйымдардағы, мекемелердегi, кәсiпорындардағы жұмысқа iрiктеудi үйлестiрсiн.

    8. Облыстық тiл комитетi (Құсманова Г.И.) социологиялық орталықтармен бiрге облыстағы тiлдiк ортаның жағдайын анықтау мақсатында социологиялық зерттеулер жүргiзiп, оның нәтижелерiн жинақтап, күнделiктi жұмыста пайдалансын.

    9. Шешiмнiң орындалуы бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Ж.Абайдiлдинге жүктелсiн.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімi

    В.Метте

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.