Облыс аумағындағы алкогольдік өнімдер саудасы мен айналымын тәртіпке келтіру жөнінде
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдағы № 543 "Алкогольді өнімдердің айналымын тәртіпке келтіру жөніңдегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес табиғи көлеміне қарамастан көлемдік құрамында 12 пайыздан астам этил спирті бар алкогольдік өнімдерді сатуға, сәйкес лицензиясы бар және сатып алушыларға қызмет көрсету ушін тұрақты сауда үй-жайы /сауда залы/ және фискалдық зерделі кәссалық аппараты бар бөлшек-сауда ұйымдарымен жүзеге асыру тәртібі белгіленген.
Осы баяндалганның негізінде облыс акімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Қалалар мен аудан әкімдеріне:
1998 жылдың 16 тамызына дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 маусымдагы № 543 /№ 1 қосымша/ Қаулысының талаптарын ескере отырып, белгіленген нысанда /үлгіде/ алкогольдік өнімдерді /бүйымдарды/ сатуда жүзеге асыратын бөлшек-сауда ұйымдарының дислокациясы /орналастыру орындары/ бекітілсін.
Дислокация тәртібі бақылаушы органдар мен облыстық өнеркәсіп сауда және турмыстық қызмет департаментіне жеткізілсін.
Көрсетілген өнімдерді белгіленбеген жерлерде сату фактісін болдырмау үшін қолданылып журген заңдарға сәйкес шаралар қабылдансын және тұрақты бақылау қамтамасыз етілсін.
2. Облыстық ішкі істер басқармасы /Кильмашкин Н.Ф./, облыстық салық комитеті /Ашуов Қ.З./ алкогольді өнімдерді сату ережелерінің сақталуына қатаң бақылау қойсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің бірінші орынбасары А.Ф.Вербнякқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Д.Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.