Облыстық туризм және спорт басқармасының велосипед спорты жөніндегі балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиялық резерв мектебін /БЖМОРМ/ ашу жөнінде
Қазақстан Республикалық Үкіметінің 1997 жылғы 27 желтоксандағы № 1847 «Казақстан Республикасының спортшыларын 1998-2000 жылдарғы кезекті Олимпиада және Азия Ойындарына дайындаудың кейбір мәселелері туралы» Қаулысын жүзеге асыру мақсаттарында, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінін Туризм және спорт комитетімен келісім бойынша, Солтүстік Қазакстан облысының велосипедші спортшыларының жоғары спорттык натижелерін ескере отырып, облыс әкімі ШЕШІМ ШЫҒАРДЫ:
1. Көкшетау, Щучинск калалары мен Қызылжар ауданында филиалдарын аша отырып, облыстық туризм және спорт басқармасының жанынан балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиялық резерв мектебі /БЖМОРМ/ ашылсын.
2. Петропавл қаласының /Ходеев П.Ф./, Көкшетау каласының /Набитовский В.Д./, Щучинск қаласының /Кұнанбаев С.К./, Қызылжар ауданының /Дмитриенко П.Г./әкімдері оқу-жаттығу сабақтары, велосипедтерді сақтау және жөндеу үшін үй-жай бөлсін. Велосипед спортын дамытуға іс жүзінде көмек көрсетсін.
3. Облыстық туризм және спорт басқармасының басты /Ахметов К.А./ велосипед спорты жөніндегі БЖМОРМ-не жоғары білікті кадрлар таңдауда, спорт жарақтары мен жабдықтарын сатып алуға іс жүзінде көмектер көрсетсін.
4. Облыстық қаржы басқармасы /Сутулов Ф.Ф./ велосипед спорты жөніндегі БЖМОРМ-ін ұстау үшін 1998 жылдың 1 маусымынан сметаға сәйкес /1 қосымша/ облыстық бюджеттен 3 млн. Тенге сомасында қаржыландыру көздесін.
5. Осы шешімнін орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары В.П. Никандровқа жүктелсін.
Облыс әкімі
Д. Ахметов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.