Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жыл 19 қарашадағы № 47/1 «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысын жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 маусым 2016 ж.

    Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жыл 19 қарашадағы № 47/1 «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысын жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі « Халықты жұмыспен қамту туралы » Заңының 22 бабына және 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 8/18/1629 Қазақстан Республикасы әділет министрлігі Қарағанды облысы әділет департаментінің хатына сәйкес, Приозерск қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жыл 19 қарашадағы № 47/1 «2016 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылсын деп танылсын.

    2. «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы А. Ким Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысы Әділет департаментін Приозерск қаласы әкімдігінің 2015 жыл 19 қарашадағы № 47/1 «2016 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» қаулысының күші жойылғаны туралы хабардар етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Приозерск қаласы әкiмiнiң орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсiн.

    Приозерск қаласының әкiмі

    Қ. Камзин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.