«Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

    «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

    1. «Шал ақын ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» Шал ақын ауданы мәслихатының 2015 жылғы 1 маусымдағы № 39/2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 1 шілдеде 3291 нөмірімен тіркелген, аудандық «Парыз» газетінде 2015 жылғы 10 шілдеде, аудандық «Новатор» газетінде 2015 жылғы 10 шілдеде жарияланған) келесі өзгертулер енгізілсін:

    көрсетілген шешімге кіріспе сөзбасы келесі басылымда баяндалсын:

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 386 бабы 5 тармағына, 387 бабы 1 тармағына, 444 бабы 1 тармағына сәйкес Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:»;

    1 бөлім келесі басылымда баяндалсын:

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі - Кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 баптарымен бекітілген жер салығының базалық төлемақылары 50 пайызға жоғарылатылсын.

    Осы бөлімнің қағидасы Кодекстің 386 бабында көрсетілген жер телімдеріне қолданылмайды».

    2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының ХLVІ сессиясының төрағасы

    К. Сақтанов

    Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының хатшысы

    Н. Дятлов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    «Қазақстан Республикасы

    Қаржы Министрлігі

    Мемлекеттік кіріс комитетінің

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Мемлекеттік кіріс департаментінің

    Шал ақын ауданы бойынша

    Мемлекеттік кіріс басқармасы»

    Республикалық мемлекеттік мекемесінің

    басшысы

    ___________ Н.С. Ахметқалиев

    2016 жылғы 23 ақпан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.