«Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 1063 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13138) бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 331 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4312, 2015 жылғы 20 қазанда № 120 (17209) «Дидар», 2015 жылғы 19 қазанда № 123 (19722) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    аталған қаулымен бекітілген «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

    5 тармақтың алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік және (немесе) хабарлама) дайындауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;»;

    5 тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде - 8 (сегіз) жұмыс күні.»;

    8 тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) көрсетілетін қызметті беруші бөлім маманының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін (куәлік және (немесе) хабарлама) дайындауы. Орындалу ұзақтығы – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысының әкімі

    Д. Ахметов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.