2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін анықтау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 тамыз 2016 ж.

    2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша субсидияланатын ауыл шаруашылығы басым дақылдарының әрбір түрлері бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдерін анықтау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 5) тармақшасына, «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндеттерін атқарушысының 2015 жылдың 27 ақпанындағы № 4-3/177 бұйрығымен бекітілген басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау Қағидасының 10-тармағына сәйкес (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылдың 20 мамырында № 11094 тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2016 жылға Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тiзiмiне қосуға өтінімді ұсыну мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің басшылық ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 24 тамызынан бастап пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады.

    Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі

    И. Турков

    Солтүстік Қазақстан облысы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    2016 жылдың 23 тамызындағы №187 қаулысына қосымша

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесі

    Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
    Өтінімді ұсыну мерзімдері
    Жаздық бидай
    24 тамызынан бастап 05 қыркүйегіне дейін
    Күздік бидай
    Күздік қара бидай
    Арпа
    Сұлы
    Қарақұмық
    Тары
    Дәнді-бұршақты
    Майлы
    Картоп
    Өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсірген картоп
    Ашық топырақтағы көкөніс және бақша дақылдары
    Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
    Фермерлік жылыжайлардағы қорғалған топырақ көкөністері
    Жем шөптер:
    Бірінші, екінші және үшінші жыл өсіп жатқан көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптер
    Бірінші жыл егілген басқа да көп жылдық шөптер
    Сүрлемдік жүгері және күнбағыс
    Бір жылдық шөптер, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың қоспасы:
    Сұлы мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа *
    Судан шөбі; тары; итқонақ; сұлы мен сиыржоңышқа **
    Сұлы, арпа, бұршақ және бидай; сұлы мен бұршақ; тары мен бұршақ ***
    Бұршақ пен сұлы; сұлы, арпа және бұршақ; судан шөбі мен бұршақ; тары мен бұршақ; бұршақ, сұлы және арпа; рапс пен сұлы ****
    *көк азыққа **пішенге ***пішендемеге ****жасыл конвейерге

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.